Ержан Шәйкенов «Темірбанк» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды

АЛМАТЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – 2009 жылғы ақпанның 24-і күні «БТА Банкі» АҚ еншілес ұйымы «Темiрбанк» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру қорытындысы бойынша 2008 жылдың наурызында «Темiрбанк» АҚ Басқарма мүшесі болып сайланған Ержан Шәйкенов Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат, «БТА Банкі» АҚ-ның қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөліміне сілтеме жасап.Е. Шәйкенов бұл қызметте Әблахат Кебировтың орнын ауыстырды. Сонымен бірге «Темiрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес Басқарма құрамына бұдан бұрын «Қазына» ОДҚ» АҚ-ның ішкі аудит қызметін басқарған Марлен Жәкежанов қосылды. Анықтама: Ержан Шәйкенов 1978 жылы шілденің 26-сында Алматы қаласында туған. Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясының «Халықаралық экономикалық қатынастар» факультетін тәмамдаған. Ұлыбританияның Лондон қаласындағы Cass Business School, City University-де «Банк ісі және халықаралық қаржы» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. Бұған дейін «АБН АМРО Банк Қазақстан» АҚ-да және «АТФБанк» АҚ-да жобалау және корпоративтік қаржыландыру мәселелері бойынша жұмыс істеді. «Ромат» ФК ЖШС-ның қаржы жөніндегі вице-президенті, «Темiрбанк» АҚ-ында сату департаментінің директоры, басқарушы директор қызметтерін атқарды. Марлен Жәкежанов 1969 жылы желтоқсанның 13-інде Қостанай қаласында туған. 2006 жылы Халықаралық Бизнес Университетінде (Алматы) Іскерлік басқару магистрі дәрежесін алды. ҚР Ұлттық Банкінің банкті қадағалау департаменті директорының орынбасары, Ақмола облыстық филиалының, Талдықорған аймақтық филиалының, «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ ішкі аудит департаментінің директоры, «Қазақстан темір жолы» АҚ ішкі аудит қызметінің басшысы, «Қазына» ОДҚ» АҚ ішкі аудит қызметінің басшысы қызметтерін атқарды.
Соңғы жаңалықтар