Ержан Тәтішев қорының білім гранттары байқауының жеңімпаздары анықталды

АЛМАТЫ. 7 маусмы. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы  «Ержан Тәтішев қоры» қоғамдық қорының  қаржы-экономикалық мамандықтары бойынша бакалавр дәрежесін алуға ниеттенген мектеп және колледж түлектері мен мүгедектігі бар жастарға арналған 2012 жылғы білім гранттар байқауының қорытындысы  жарияланды.

Ержан Тәтішев қорының білім гранттары байқауының  жеңімпаздары анықталды

Онда «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша Әлихан Бақтыбаев пен Константин Кравченко,   «Қаржы» мамандығы бойынша Ернар Жекпелдинов пен Ирина Михальченко. Мүгедектігі бар жастар арасында Қызылорда медициналық колледжінен «Фельшерлік іс» мамандығы бойынша Гүлмира Сәдібекова, ал балалар үйлері түлектерінен Тұрсынай Әубәкірова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен «Шығыстану» мамандығы бойынша білім грантының жеңімпаздары атанды.

Ержан Тәтішев қоры 5 жылда білім беру бағдарламасы бойынша 63 білім грантын бөлген болатын. Оның 27-сі аз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққан,  25-і мүмкіндігі шектеулі жастарға, ал 11-і балалар үйлерінің түлектеріне берілді. Қазіргі таңда бұл қоғамдық қордың грантымен 32 стипендиат оқып жатыр.