20:51, 19 Қыркүйек 2011 | GMT +5
«Есалаңдар» қатарынан төртінші рет «Эммиді» жеңіп алды
АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Есалаңдар» («Mad Men») және «Америкалық отбасы» («Modern Family») сериалдары телевизиялық «Эмми» сыйлығының бас номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды Reuters.

63-ші «Эмми» сыйлығын тапсыру салтанаты 18 қыркүйек кешке Лос-Анджелесте өтті. «Есалаңдар» қатарынан төртінші рет ең үздік драмалық сериал ретінде танылса, «Америкалық отбасы» екінші рет қатарынан ең үздік комедиялық сериал номинациясында жеңімпаз болды.
Драмалық сериал бойынша Джулианна Маргулис (Julianna Margulies) ең үздік актриса атанса, драмалық сериалда ең үздік ер адам рөлін сомдағаны үшін Кайл Чендлер (Kyle Chandler) «Эмми» жүлдесін алды.