Esentai Mall паркингіндегі электромобиль қуаттау сервисі заңға қайшы ма
Қазақстанда паркингтерде электромобильді қуаттау станцияларын пайдалануға тыйым салынған. Алайда, Алматыдағы Esentai Mall сауда орталығының жерасты тұрағында осындай станциялар жұмыс істеп тұр. Ал нысанды тексеруге ТЖМ мамандарының құқығы жоқ, деп хабарлайды Kazinform.
Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан салынған тыйымға қарамастан, Esentai Mall сауда орталығының паркингінде электр қуатымен жүретін көлігі бар алматылықтарға осындай сервис көрсетіледі. Ал, төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің бұл заң бұзушылықты тіркеуіне құқығы жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Инспектор тек бекітілген тексеру парақшасына сәйкес тексеріс өткізеді, әлі бұл норма тексеру парақшаларына енгізілген жоқ», - деп атап өтті Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінен.
Бұған дейін ТЖМ сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі уәкілетті органның атына тиісті талаптарды мемлекеттік нормативтерде белгілеу қажеттілігі туралы хат жолданғанын мәлімдеген болатын.
«Тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылданғанға дейін бокстарда, паркингтерде, көлік құралдарын қоюға арналған үй-жайларда, өндірістік гараждардың үй-жайларында, шатырлардың астында және электромобильді зарядтауға арналған көлікті сақтау ашық алаңдарында айнымалы токтың зарядтау станцияларын пайдалануға жол берілмейді», - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Айта кетсек, Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес республика аумағында 8 мыңға жуық электромобиль бар. 2 жылда (2022-2023 ж.ж.) Алматыда 2 көлік электрокөлік өртенген.