Есентай және Үлкен Алматы өзендері тазартылып, абаттандырылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Биыл Есентай және Үлкен Алматы өзендерінің түбіне тазарту жүргізіледі. Мердігер анықталды, келесі аптада жұмыс басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Алматы әкімімен кездесуге келген Бостандық ауданы тұрғындарының бірі Есентай және Үлкен Алматы өзендерін тазарту және абаттандыру мәселесін көтерді.

Алматы қаласы экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы Серік Әділбаевтың айтуынша, тазалау жұмыстар келесі аптада басталады.

«Биыл Есентай және Үлкен Алматы өзендерінің түбін тазарту жұмысы жүргізіледі. Мердігер анықталды, келесі аптада жұмыс басталады»,- деді ол.

Ал, Алматы әкімі Ерболат Досаев қазір әкімдік екі өзенді абаттандыру бойынша жоба әзірлеп жатқанын тілге тиек етті.

«Әл-Фарабиден жоғары Есентай бойынша аумақ абаттандырылған, ал әл-Фарабиден төмен жағы сол бойында қалған. Енді біз өзенді Абай даңғылына дейін абаттандыру жобасын дайындап жатырмыз, сондықтан қаланың төменгі бөлігінің тұрғындары жоғарғы бөлігіндей өздерін жайлы сезінетін болады. Үлкен Алматы өзенінің жағалауы Тұңғыш Президент саябағынан бастап Сайранға дейін толық абаттандырылады, жалпы ұзындығы – 7,1 шақырым. Өткен жылы құжаттарды дайындауға бір жылға жуық уақыт кетті. Қазір құжаттар бар, конкурстық рәсім жүріп жатыр, бюджеттен ақша қарастырылады. Жұмыс басталды. Мысалы, өздеріңіз білесіздер, Сайран көлі 50 жылдан астам уақыт бойы тазартылмаған. Біз биыл оны алғаш рет тазартып, реконструкция жүргіземіз»,- деді қала әкімі.


Соңғы жаңалықтар