Есеп комитеті 20 жылдық қызметін қорытындылады (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті бүгін қызметінің 20 жылдығын атап өтті. Комитет төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин комитеттің алғашқы төрағаларына сөз беріп, комитеттің ардагер қызметкерлеріне ведомстволық марапаттар табыс етті. Қ.Жаңбыршиннің пікірінше, осыдан 20 жыл бұрын осындай комитет құру жөніндегі Президенттің Жарлығы Қазақстанның қаржы жүйесінің жаңа бір парағы еді.

«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті туралы» ережені бекіту туралы» Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жылғы 19 сәуірдегі Жарлығымен мемлекеттік-қаржылық бақылау саласындағы қазақстандық жүйенің даму тарихында жаңа бір парақ ашылды»,-дейді Қ.Жаңбыршин.

«Есеп комитеті 20 жыл ішінде 734 бақылау іс-шарасын жүргізіп, 6064 объектіні тексерді. Осылайша, бақыланған бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің көлемі 26,0 трлн теңгеден астам қаражатты құраған. Жалпы сомасы 4,0 трлн теңгеден астам құқық бұзушылық анықталып, 316,0 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты қалпына келтірілді. Есеп комитетінің тиімді жұмысын мына мәліметке қарап білуге болады: осы уақыт ішінде есеп комитетінің жұмысына 9 млрд теңге тартылған. Ал, қалпына келген бюджет қаражаты жоғарыда айтқанымай, 316,0 млрд теңгені құрады»,-деді 20 жылдың жұмысын қорытындылай келе Қ.Жаңбыршин.

Айта кетейік, шара барысында Комитет төрағасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық бюджетті бақылау жөніндегі есеп комитетінің ұжымына арналған құттықтауды оқыды.
null null null null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар