Есеп комитеті 270 млрд. теңгенің заң бұзушылықтарын анықтады
АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат -Есеп комитеті 270 млрд. теңгенің бюджеттік және баса да заң бұзушылықтарын анықтады.
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында 2011 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін талқылау барысында Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев осылай мәлім етті.
Есеп комитеті былтырғы жылы 264 нысанда барлығы 42 бақылау шарасын жүргізді.
«Бұл ретте, жалпы сомасы 270 млрд. теңгенің бюджеттік және басқа да заңнамалардың бұзушылықтары анықталды. Өтелуге жататын 5,8 млрд. теңгенің 2,7 млрд. теңгесі 2011 жылы қалпына келтірілді. Құқық қорғау органдарына іс-жүргізу үшін 45 бақылау материалдарын жөнелттік. 40 ұсыным мен 256 шешім жолданып, олардың 54 пайызы орындалды», - дейді О. Өксікбаев.