Есеп комитеті Білім және ғылым министрлігіне мектеп құрылыстарының барысына бақылауды күшейтуге кеңес беруде

АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ – Кейбір облыстарда бюджеттік бағдарлама әкімшілері білім беру нысандарын салуға және жаңартуға бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына тиісті деңгейде бақылау жүргізбей отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның Алматы, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүргізген тексерулері барысында 5 миллиард теңгеден астам сомадағы бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалғаны анықталып отыр. Мақсатты трансферттерді пайдалану кезінде күтілген нәтижелерге қол жеткізілмеген. Мысалы, үш ауысымда оқитын мектептер саны азаймаған. Қазіргі уақытта, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы 51 мектепте оқушылар үш ауысымда оқиды.Білім беру нысандары уақытында пайдалануға берілмей келеді. 2006-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Атырау облыстарында 75 білім ошағының орнына іс жүзінде 33 нысан пайдалануға берілген. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті реттеу тетігінің жоқ болуына байланысты Алматы қаласында төрт мектептің екі мектебінің құрылыс жұмысы ұзартылса, Оңтүстік Қазақстан облысында 34 мектептің құрылысын толық көлемде бюджет қаражаты есебінен салу қарастырылған.Объектілерді уақытында пайдалануға беру мерзімдерін бұзудың негізгі себептерінің бірі құрылыс нысандары құнының артуы болып отыр. Бірқатар облыстарда мердігерлік ұйымдар құрылыс барысында тапсырыс берушінің келісімімен құрылыс құнын арттыру жағына қарай қайта есептеген. Осы орайда, Статистика агенттігінің деректері бойынша, 2008 жылы құрылыс- монтаж жұмыстарына және олардың технологиялық құрылым элементтеріне деген баға индексі елеулі өзгермеген болып шықты.Мәселен, 2006-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында 21 нысанның құрылыс құны республикалық бюджет есебінен 2,2 миллиард теңгеге арта түскен. Соның ішінде, құрылыстарына 918,1 миллион теңге жұмсалған 4 нысанның құрылысы әлі аяқталмаған. Ағымдағы жылдың бюджетінде аталған объектілердің құрылысын аяқтауға қаражат қарастырылмаған.Бақылаудың қорытындысы бойынша алты облыстың 23 нысанында орындалмаған жұмыстар үшін 802,6 миллион теңге төленгені анықталды. Мысалы, Шымкент қаласындағы «Азат» шағын ауданында орта мектептің құрылысы үшін «Қазболгарстрой» ЖШС-не төлемдер толық жасалған. Бірақ, объекті қазірге дейін пайдалануға берілмеген.Есеп комитеті Үкіметке мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде әлеуметтік-маңызды объектілердің құрылысын жоспарлау мен қаржыландырудың тиімді тетігін әзірлеуді ұсынды.
Соңғы жаңалықтар