Есеп комитеті: Еліміздегі көлік жобаларының 5,7 млрд. теңгесі тиімсіз пайдаланылған
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның облыстық филиалдарымен 17,9 млрд. теңгеге автожолдарды салу және қайта жаңғырту барысындағы жұмыстар мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау әрі қадағалау органдарының ескертуінсіз, 569,8 млн.теңге сомасына техникалық және авторлық бақылау құжаттарынсыз жүргзілген», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар ведомство «Астана LRT» ЖШС Астана қаласындағы жаңа көлік жүйесі» жобасын жүзеге асыру барысында жеткізілмеген құрал-жабдықтар үшін «Құлагер» БК» ЖШС-іне 9,8 млрд. теңге төлегендігін, келісімшарттың бұзылуына қарамастан жеткізушінің аталған дебиторлық борышты қайтармағандығын атап өткен.
Жалпы, комитет 199,4 млрд. теңгенің бюджеттік және өзге де заңбұзушылықтары орын алғанын, оның ішінде 5,7 млрд. теңгенің тиімсіз пайдаланылғанын ескерткен.
«ҚазАвтоЖол» АҚ-ның өңірлік филиалдарының үш жауапты тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдарға жауапты нысандардың төрт лауазымды тұлғасына қатысты материалдар әкімшілік іс қозғау үшін өкілетті органдарға берілді», - делінген комитет ақпаратында.