Есеп комитеті нысандар құрылысының құнын негізсіз өсіретіндер туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жобасы өзара ұқсас әлеуметтік нысандардың құны көбіне әртүрлі болып жатады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Есеп комитеті нысандар құрылысының құнын негізсіз өсіретіндер туралы айтты

«Біздіңше, бюджеттік қаржы есебінен салынатын нысандардың сметалық құнын оңтайландыру елеулі резерв болады. Бірінші кезекте, әлеуметтік нысандарға мән беру керек, өйткені олар негізінен типтік ғимараттар. Неге жобасы жағынан бірдей әлеуметтік нысандар көбіне құны бойынша әртүрлі болып жатады? Кей кезде айырмашылық елеулі сомада қалыптасады, сонымен қатар, осы қымбатқа түскен нысандардың артықшылығы да көрінбейді», - деді Н. Годунова 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуын талқылау кезінде.

Оның сөзіне қарағана, жеке сараптама барысына осы нысандардың барлығына оңтайлы қорытынды беріледі.

«Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында желілік парктің бірінші кезегі құрылысына жобалық-сметалық құжатнаманы түзету кезінде сметалық құнының артық көрсетілуі 413 млн теңге болды. Бұл тек бір нысан бойынша және бірінші кезекке қатысты. Қостанай қаласында «Юбилейный» шағын ауданында кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй құрылысы жобасы тұрғысында құнын көтеру 150 млн теңге болды. Бүгінде елімізде 144 жеке сараптамалық ұйым тіркелген. Оларға қатысты біліктілік талаптарын күшейту керек. Сонымен қатар, орын алған қайшылықтарды жою құрылыс нормаларын қайта қарастырған жөн және типтік жобаларды пайдалану тәжірибесін кеңейту керек», - деді Наталья Годунова.

Есеп комитетінің мәліметінше, еліміз бойынша жоба құнын асыра көрсетудің орташа көлемі 30 пайызға дейін жетеді.