Есеп комитеті Үкіметке барлық деңгейдегі мәслихаттардың тексеру комиссияларын институциалдық нығайтуды ұсынды

АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат - Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында мәслихаттардың тексеру комиссиялары мен

Есеп комитеті Үкіметке барлық деңгейдегі мәслихаттардың тексеру комиссияларын институциалдық нығайтуды ұсынды

ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің қаржылық бақылау инспекцияларының мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарының талаптарын сақтауын бақылаудың қорытындысы бойынша Есеп комитеті жергілікті деңгейде сыртқы бақылаудың тиімсіз ұйымдастырылып, өткізілгенін атап өтеді.

Жыл сайын трансферттер мен республикалық бюджеттен бөлінетін субвенциялар артып, Жол картасының іс-шараларын қаржыландыру көлемі өсіп келе жатқан тұста жергілікті деңгейде бақылаудың тиімсіз жүргізілуі бюджет қаражатын түпкі пайдаланушыларға жеткізудің атаулылығына және нысаналы сипатына кері әсерін тигізуде, деп хабарлайды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің баспасөз қызметі.

Мәслихаттардың тексеру комиссиялары «Құзыреттілік» стандартының талаптарын көп жағдайда сақтамайды. Тексеру комиссиялары бақылау іс-шараларына тартып отырған мамандардың даярлық деңгейi біліктілік талаптарына сай келмейді.

Жекелеген тексеру комиссиялары тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қарап бекіту кезінде Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетіне қарасты облыстық инспекциялардың тексеру материалдарын пайдалануда. Мәслихаттардың тексеру комиссиялары бақылаудың толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етпей отыр.

Мәселен, 2008 жылы Ақтау қаласы мәслихатының тексеру комиссиясы бақылауды өткізуге 4 тапсырма берді, бірақ іс жүзінде бірде-бір бақылау іс-шарасы өткізілмеген. Тексеру комиссиясының барлық 7 қаулысы Маңғыстау облысы бойынша қаржылық бақылау инспециясы жүргізген тексеру материалдары негізінде қабылданған.

Алматы, Қостанай облыстарының, Қостанай, Ақтау, Талдықорған қалаларының, сондай-ақ Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Алматы облыстарындағы Қостанай, Мұнайлы, Павлодар және Ескелді аудандарының мәслихаттарының тексеру комиссиялары қызметінің экономикалық тиімділігі төмен деңгейде қалып отыр.

Мысалы, 2008-2009 жылдары Қостанай қаласы мәслихатының тексеру комиссиясы 9 бақылау іс-шарасын өткізіп, ешқандай бұзушылықтарды анықтамаған. Бұл ретте тексеру комиссиясы төрағасының жалақысына 2 088,5 мың теңге жұмсалған. Осыған ұқсас жағдай 2008-2009 жылдары Алматы облысының Ескелді аудандық мәслихатының тексеру комиссиясында да орын алған, атап айтқанда, тексеру комиссиясы бір ғана тексеру жүргізіп, ешбір бұзушылық таппаған. Бұл ретте тексеру комиссиясы төрағасының жалақысына 1 295,9 мың теңге жұмсалған.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңды бұза отырып, кейбір мәслихаттардың тексеру комиссияларының төрағалары өз функцияларын босатылған негізде жүзеге асырмай отыр. Мысалы, Ақтау және Өскемен қалалары мәслихаттарының тексеру комиссияларының төрағалары тиісінше «Қазақстанның халық банкі» АҚ-ның Манғыстау облыстық филиалының және «Атамекен Одағы» ҚҰЭП-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры лауызымын бір мезгілде атқаруда.

Тексерілген облыстарда Қаржы министрлігі қаржылық бақылау инспекцияларының бақылау іс-шараларының төмен тиімділігі жоспарлау сатысында, бақылау барысында, сондай-ақ оның нәтижелерін іске асыру кезінде «Бақылау», «Сапа бақылауы» және «Басқару» стандарттарының талаптарын сақтамауына байланысты орын алған. Мәселен, бақылау кезінде бақылау объектілеріне 1 141,9 млн. теңге қаржыны қалпына келтіруге қатысты, соның ішінде Алматы облысы бойынша - 80,4 млн. теңгені, Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 353,5 млн. теңгені, Мангыстау облысы бойынша - 36,5 млн. теңгені, Павлодар облысы бойынша - 429,0 млн. теңгені, Қостанай облысы бойынша 242,5 млн. теңгені өтеу жөніндегі ұсынымдар орындалмаған.

Есеп комитеті Үкіметке барлық деңгейдегі мәслихаттардың тексеру комиссияларын институциалдық нығайтуды, сондай-ақ сыртқы мемлекеттік бақылаудың ұйымдастырылуын заң жүзінде реттеуді ұсынды. Мәслихаттардың тексеру комиссияларына және Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау инспекцияларына мемлекеттік қаржылық бақылаудың стандарттарын сақтаудың қажетілігіне баса назар аудартылды.

Мәслихаттардың тексеру комиссиялары - жергілікті бюджеттердің атқарылуына сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізетін органдар.

Есеп комитеті ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады. Сыртқы бақылауды жүзеге асырады және республикалық бюджеттің атқарылуын, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалайды. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлінген мемлекеттік қаржы ресурстарының пайдаланылуын бақылайды. Мемлекеттің гранттары мен активтерінің, мемлекет кепілдік берген қарыздардың пайдаланылу тиімділігін талдайды, сондай-ақ Ұлттық банк активтерінің пайдалану сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады.