Есеп комитетінің делегациясы Латвия Республикасының Мемлекеттік бақылауының тәжірибесін зерделеп қайтты

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Қазақстан делегациясы Латвия Республикасының мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің құқықтық негізімен, Латвияның Мемлекеттік бақылауының құрылу тарихымен, өкілеттігімен, құрылымымен, оның ұйымдастырылуымен танысты. Сәйкестікке, қаржылық есептілік пен тиімділікке бақылау жүргізудің әдіснамалық аспектілері қарастырылды. Квазимемлекеттік секторда ішкі аудит жұмысының ерешеліктері зерделенді.
Латвияның Мемлекеттік бақылауы өзі қолданатын бақылаудың сапасын басқару жүйесімен, сол секілді тәуекелдерді басқару жүйесімен делегацияны таныстырды. Делегация Латвияның парламентінде болып, жоғары қаржы бақылау органы мен парламенттің өзара іс-қимылдарының латвиялық тәжірибесін талқылады.
Сонымен қатар, Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев Латвия парламентінің төрағасы Гундарас Даудземен, Мемлекеттік шығындар мен ревизиялар жөніндегі парламенттік комиссияның төрағасы Андрис Берзиньшпен, Әл-ауқат министрі Улдис Аугулиспен, «Латвия мемлекеттік ормандар» АҚ-ның басқарма төрағасы Роберт Стрипниекспен, Рига қаласының мэрі Нил Ушаковпен кездесті. Тараптар сыртқы және ішкі қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша келешектегі ынтымақтастықты талқылады.
Сапардың нәтижесінде Латвия Республикасының Мемлекеттік бақылаушысы Ингуна Судраба Астана қаласында келер жылдың сәуір айында өтетін Жоғары бақылау органдарының халықаралық ұйымының (ИНТОСАИ) маңызды ұлттық көрсеткіштер жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысына қатысатындығын тағы да қуаттады.
Латвияның Мемлекеттік бақылауы - осы елдің жоғары қаржы бақылау органы.