Есепте тұрған сотталғандарға көмек көрсетілді - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті пробация қызметінің қызметкерлері есепте тұрған сотталғандарға қолдау көрсетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Сандықтау ауданы пробация қызметінің қызметкерлері коронавирус пандемиясы өршіп тұрған қазіргі кезеңде дәріхана пункттерінде дәрі-дәрмектердің жетіспеуін ескере отырып, пробациялық есепте тұрған сотталғандарға бірінші қажеттілік құралдарын беруді ұйымдастырды.
«37 сотталған есепте тұр. Олардың әрқайсысы пробация қызметкерлерінің қолдауын сезінді», – дейді облыстық департаменттің пробация бөлімінің маманы Ксения Сафина. «Аудандық бөлімдердегі әріптестері өз қаражаты есебінен қажетті қорғаныш құралдары – медициналық маскалар, қолғаптар, антисептикалық құралдар мен витаминдер бар шағын пакеттер жинады».
Сотталғандардың әрқайсысы билік өкілдеріне алғыс айтып, жақсылық пен барлық игіліктерді тіледі.