Есептеу-талдау машиналары зауытының директоры атып өлтірілді
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мәскеу облысының Мытищи ауданындағы Ховрино деревнясында 26 желтоқсан күні Nissan Patfainder автокөлігінің ішінен денесінде зорлық нышандары бар ер азаматтың мәйіті табылды, деп хабарлайды РБК.
РФ Прокуратурасы жанындағы Тергеу комитетінен хабарлағандай, қаза тапқан 1969 жылғы азамат «Есептеу-талдау машиналары зауыты» ААҚ бас директорының міндетін атқарған. Оның өлтірілуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен азамат болжам бойынша Макаров тапаншасынан басына атылған оқтан қаза тапқан. Аталмыш факті бойынша Мәскеу облысы бойынша Тергеу комитетінің тергеу органдары РФ ҚК 105-бабының 1-бөлімі (Адам өлтіру) және 222-баптың 1-бөлімі бойынша (Қарудың заңсыз айналымы) қарастырылған қылмыс түрлеріне қатысты қылмыстық іс қозғады.
Тергеушілер осы қылмысты жасаған азаматтарды іздестіру және осы істің анық-қанығын анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.