Ешқашан қырқылып көрмеген қойдан 40,5 келі жүн алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияны мекендейтін әлемдегі жүні ең қалың қой өмірінде алғаш рет қырқылды. Аша тұяқтыдан 40,5 келі жүн алыныпты.
None
None

Қазір оның түрі адам танымастай болып өзгерген. Крис атты бұл қой әзірге Жануарларға қаталдықпен қарауға қарсы күрес қоғамының бақылауында болады. Қоғам өкілдерінің мәлімдеуінше, қазір оның хал-жағдайы тәуір. Жалпы Кристің мұндай күйге түсіп, оны неліктен осы кезге дейін ешкім қырықпағаны жұмбақ болып қалды. Шаруалардың айтуынша, ол отардан қалып қойып, 2 жылға жуық уақыт бойы өз бетімен жайылған, деп хабарлайды 24.kz. gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

Соңғы жаңалықтар