Ешқашан жеңіліп көрмеген мексикалық Гилберто Санчестің Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ешқашанда жеңіліп көрмеген мексикалық Гилберто Санчес WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге табынушы болса да, болашақта онымен рингте кездескісі келетіндігін жасырмайды.

Ешқашан жеңіліп көрмеген мексикалық Гилберто Санчестің Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуы мүмкін

Бұл туралы sports.kz хабарлады.

«Менің сүйікті боксшым - бұл Геннадий Головкин. Ол жақсы спортшы, соққысы аса ауыр, ұдайы алға ұмтылады. Мен оның жаттығу лагерінде болдым. Шынында да мықты жігіт. Әрине, мен онымен болашақта жекпе-жекке шыққым келеді»,-деп мәлім етті ешқашанда жеңіліп көрмеген боксшы.