Ешқашан жеңіліп көрмеген WBC Silver чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық боксшы Эммануэль Алим (17-0-1, 10 КО) ThaBoxingVoice басылымына берген сұхбатында Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жекпе-жекке шығуға дайын отырғандығын мәлім етті, деп хабарлайды Sports.kz.

Ешқашан жеңіліп көрмеген WBC Silver чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

«Маған үлкен жекпе-жектер қажет болып тұр. Мен Головкинмен жекпе-жекке шыққым келеді. GGG, мен ең мықтылардың брімін. Мен өзімнің 18 кездесу өткізгендігіме қарамастан Головкинмен қолғап түйістіруге дайынмын. Мен өзімнің мықты екендігімді білемін. Әлемдегі ең атақты деген спортшыларды жеңуге менің тәжірибем жеткілікті»,-деп мәлімдеді Алим.

Айта кетейік, Алим алтыншы раундта ешқашан жеңіліп көрмеген украиндық Евгений Хитровты нокаутқа түсіріп, WBC Silver дәрежесі бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Осылайша, америкалық спортшыға енді WBC дәрежесі бойынша «әдеттегі» белбеу иегері, әлем чемпионы Геннадий Головкинмен шығудың мүмкіндігі туып отыр.