Есік қаласында екі адам атыстан зардап шекті

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында атыстан екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«22 шілде күні Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қаласының көшелерінен атыс дауысы естілгендігі жөнінде хабарлама түсті. Тексеру барысында Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына 18 және 30 жастағы Есік қаласының тұрғындары түскені анықталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің адам өлтіруге оқталу бабы бойынша тергеліп жатыр» делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қазір күдіктілер іздестірілуде.


Соңғы жаңалықтар