19:12, 12 Ақпан 2013 | GMT +5
Есіл ауданында 2013 жылы 36 ауланы абаттандыру жоспарлануда
АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Елорданың Есіл ауданында 2012 жылы 30 орамішілік аумағы абаттандырылды. Биылғы жылы тағы да 36 аулаға көгалдандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты аудан әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

«Сонымен қатар өткен жылы қаланың аталған бөлігі аумағында қоршаулар мен асфальтбетон жабындары жөнделіп, ауыстырылды. №4 орта мектеп пен №1 балабақша ауласына шағын сәулет үлгілері орнатылды», - делінген хабарламада.
2012 жылы «Шығыс Ильинка» тұрғын үй алабында автотұрағы бар футбол алаңы салынып, астаналық парк маңында 33 дана спорттық снаряд орнатылды.
Бұдан басқа, аудан әкімдігі көктемгі-жазғы мезгілдерде жол жиегін қайта көтеріп, орындықтар мен урналарды жөндеді. Сондай-ақ, жол-тротуар плиткаларын қайта төседі.