Есіл ауданында құны 7 миллиард теңгенің жаңа жылу қазандығы салынуда - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Есіл ауданында құны 7 миллиард теңгені құрайтын өңірдегі ең ірі жылу қазандығы салынуда. Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Сергей Кулагиннің ауданға жұмыс сапары барысында айтылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есіл ауданында құны 7 миллиард теңгенің жаңа жылу қазандығы салынуда - Ақмола облысы

Жобаның құны 7 миллиард теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айында басталып, 2018 жылы пайдалануға беру көзделген. Қазіргі кезде, əкімшілік-тұрмыстық ғимарат, 20 көлікке арналған гараж, көмір қоймасының құрылысы қызу қолға алынған. Оған қоса, қазандықтан 8,5 шақырым жылу желісі тартылған.

"Қазандық əлеуметтік-коммуналдық сала да маңызды нысан болып табылады. Сондықтан, оның құрылысы кестеге сай, əрі сапалы жүргізілуі қажет", деп атап өтті С.Кулагин мердігерлермен кездесуінде.

Сапар барысында аймақ басшысы Есіл аудандық ауруханасы, Есіл балалар үйі мен жақында пайдалануға берілген 40 пəтерлі тұрғын үйде болды.

Сонымен қатар, əлеуметтік-тұрмыстық мәселелерімен келген тұрғындарды қабылдап, аудан активіне қатысты.