Есіл бойымен балаларды серуендеткен кемеде электрондық қалдықтардың табиғатқа зияны туралы әңгімеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 маусым - Балаларды қорғау күні аясында ҚР Үкіметі, БҰҰДБ және Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының «Электрондық қалдықтарды басқару» бірлескен жобасы балалар мен олардың ата-аналарына арналған экологиялық-ағарту акциясын - Есіл өзені бойымен әдеттен тыс серуен ұйымдастырды.
None
None

«Шараның басты мақсаты - электрондық қалдықтардың зияны мен бұзылып, жарамсыз болған не пайдаланылмайтын ұялы телефондар, батареялар, зарядтайтын құрылғыларды, ескірген ұсақ электрониканы экологиялық қауіпсіз түрде кәдеге жаратудың қажеттілігі жайлы халықтың хабардарлығын арттыру», - деп атап өтті БҰҰ ДБ «Электрондық қалдықтарды басқару» жобасының үйлестірушісі Салтанат Байешова.

Оның пікірі бойынша, мектеп қабырғасынан бастап-ақ өскелең ұрпақ бойында экологияшыл әрі қоршаған ортамен ұқыпты да жауапкершілікке толы қарым-қатынас жасаудың қажеттігін толық түйсінетін сана-сезім қалыптастыра беру маңызды болып саналады.

Шараның басты шарты келуші кез келген ұсақ электроника затын кемеге отырар жерде экоқорапқа (электрондық қалдықтарды жинауға арналған арнайы контейнер) салып, кемеге «билет» алады.

Сумен серуен жасау барысында балаларға түсінікті ойын түрінде электрондық қалдықтардың зияны мен (олардың құрамындағы қауіпті заттар өртеу мен топыраққа әрі жер асты суларына түсуі арқылы қоршаған орта мен адам денсаулығына орны толмас зиян келтіретіндігі себебінен) оларды жұртқа ортақ қоқыс төгетін жерлерге тастауға болмайтыны туралы әңгімеленді.

«Жоба Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшуі тұжырымдамасын жүзеге асыруға жәрдем беруге бағытталған. Қазақстандағы электрондық қалдықтарды ұтымды басқаруға қол жеткізудің көкейкесті мәселелерін көтереді», - деп атап өтті С. Байешова.

Соңғы жаңалықтар