Есіл өзені мен оның тармақтарынан екі жүз тонна қоқыс жиналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың үш тоқсанында Есіл, Ақбұлақ пен Сарыбұлақ өзендерінің айдындарын тазарту жұмыстарының аясында 200 тоннаға жуық қоқыс жиналып, шығарылды деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы .

Есіл өзені мен оның тармақтарынан екі жүз тонна қоқыс жиналды

«Күтіп ұстау, дамыту және қауіпсіз пайдалану мақсатында Есіл өзенінің кеме жүретін бөлігінде жыл сайынғы су айдындарының түбін тазарту жұмыстары жүргізілді. Бұған 51 млн-нан астам теңге бөлінді», - деп мәлімдеді Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұса Танабаев.

Оның айтуынша, биыл Есіл өзенін, Сарыбұлақты қалпына келтіру жөніндегі жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр. Құрылыс-монтаждық  жұмыстар 2018 жылы басталады деп күтілуде.