Есіл өзенінде кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізілді
АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - /Ақбота Күзекбай/ - 2011 жылғы 29 маусымда ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетімен ұйымдастырылған Астанадағы Есіл өзенінде кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізілді,
деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. Кеңеске Астана қаласының әкімшілігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті су-құтқарушы станциясы, «Есіл-Астана» МҚКМ-сі, «Сарыарқа» Өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының филиалы, «Кеме қатынасы тізімі» ММ-сінің өкілдері және қайықты жалға беру станцияларының иелері қатысты.
Кеңес барысында жазғы кезеңдегі және де Астана күніне орай Есіл өзеніндегі су көліктерін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар жайындағы сұрақтар талқыланды.
Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру барысында жолаушы-серуен тасымалын ұйымдастыру, Астанаға дәстүрлі қайықтарды жалға беру станцияларын пайдалану, Есіл бойындағы жүзу құралдарының көбеюіне және қарқындылығына әкеп соқты. Қалалық шомылу аймақтарын ескере отырып, бұл жағдайлардың кемелердің жүзу қауіпсіздігіне қатер төндірмеуі керек.
Көліктік бақылау комитетінің төраға орынбасары Е. Жұмашев Есіл өзеніндегі су көліктерін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету Көліктік бақылау комитетінің, жергілікті атқарушы органдардың, су-құтқару қызметінің, және де кеме иелері мен қайықтарды жалға беру станциялары иелерінің бірлесіп күш салуға және келісіп әрекет етуді талап ететінін атап өтті.
Бүгінгі күні елордада өзендік 28 және 239 шағын көлемді флот тіркелді.
Комитеттің басты міндеті кемелерді көлік оқиғасына ескерту және заң бұзушылық әрекеттерінің алдын алу болып табылады.
Комитетпен флоттағы апаттар жайындағы ескертулер, оның ішінде флотты пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені жоспары жыл сайын әзірленіп, жүзеге асырылады.
Заңнаманы жетілдіру мақсатында, «Көлік мәселелеріне байланысты кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заңын жүзеге асыру барысында Көліктік бақылау комитетімен 16 нормативтік-құқықтық актілер жобасы, оның ішінде 14 Үкімет қаулысы әзірленді.
Нақтырақ айтқанда, жаңа редакцияда Үкімет қаулысы деңгейіндегі өзен және шағын көлемдегі кемелерді тіркеу, теңіз, өзен және шағын көлемдегі кемелердің апат жағдайына және көлік оқиғаларына байланысты тергеу ережелері, техникалық қадағалауды жүргізу тәртібі және шағын кеме флотын пайдалану, өзен және шағын кеме жүргізушілерін аттестациялау, кеме құжаттарын жүргізу ережелері қабылданды.
Көліктік бақылау органдарымен барлық кеме жүргізушілеріне, шағын көлемдегі кеме флот тұрақтарының иелеріне тиісті түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Көліктік бақылау комитетімен жаңадан қабылданған нормативтік құқықтық актілерінің қағидаларын түсіндіру жөнінде аталған профилактикалық жұмыс бүкіл республика аумағында өткізіледі.
Кеңестің қорытындысы бойынша, Астана қаласының әкімшілігі мен Астана қаласының Ішкі істер департаментімен бірлесіп адамдардың жаппай жиналу жерлерінде: айлақ жүзу құралдарының жанында, жаяу жүруге арналған көпірде және қалалық жағажайда қоғамдық тәртіпті қорғау мәселесін шешу жөнінде комитетпен ұсыныс берілді.