Есіл өзеніне 200 мың тұқы балығы жіберілді - ҚР АШМ

АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Есіл өзеніне «Колос» ЖШС балықшыларымен өсірілген тұқы шабақтарының бірінші легін жіберді.
None
None

Суға 200 мың тұқы түсірілді. Бұл туралы АШМ-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Үстіміздегі жылы аталмыш кәсіпорын Есіл өзеніне тұқы балықтарының 900 мың данасын жіберуді жоспарлап отыр. Бұл қала тұрғындарымен қонақтары үшін демалу орындарын құруға мүмкіндік беріп, спорттық және әуесқойлық балық аулау кәсібінің дамуына ықпал етеді.

Соңғы жылдары Есіл өзенін белсенді балықтандыру бойынша барлық шаралар қабылдануда. Жыл сайын Майбалық балық питомнигі тұқы балығының 2 млн. дана уылдырығын жіберу арқылы өзендегі балық санын көбейтуде.           

Жыл сайын республика бойынша «Балық ресурстарын қайта өндіру»  бюджеттік бағдарламасы шеңберінде ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің кәсіпорындарымен су қоймаларын балықтандыру жұмыстары жүргізіледі.

2012 жылы аталған бюджеттік бағдарлама шеңберінде 160 млн.-ға жуық дананы құрайтын балық шабақтарының жіберілуі жоспарланып отыр

Үстіміздегі жылы республикалық бюджеттен конкурс негізінде мемлекеттік емес кәсіпорындар арасында су қоймаларын балықтандыруға 150 млн. теңге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум