Есіл өзенінің жағалауынан 5 жүк көлігі толы қоқыс шығарылды
«Астана су арнасы» мекемесінің жүзден астам қызметкері #tazaQazaqstan экологиялық акциясына қатысты. Бұл шара қала әкімі Алтай Көлгіновтің бастамасымен өтіп жатыр Бұған дейін де қала тұрғындары астана маңындағы саябақтар мен өзен жағалауын жылдар бойы жиналған қоқыстан тазартқан болатын.

Акцияға қатысушылар Есіл өзенінің жағалауын тұрмыстық қалдықтар мен басқа да қоқыстардан тазартты. Екі сағатқа созылған сенбілікте мекеме қызметкерлері 5 жү көлігіне тиелген қоқыс жинаған. Арнайы техника өзен жағалауынан жиналған қоқысты полигонға әкетті.

«Бұл жерде көптеген дала гүлдері өседі екен. Бірақ айналадағы шашылып жатқан қоқыстар олардың өсуіне кедергі келтіруде. Арнайы техникамен қатар қызметкерлер қоқыстарды қолмен жинап, өзеннің жағалауын тазартты», - деп көрсетті тазалық шарасына қатысушылар.
