Есіл өзенінің жағалауында Астана күніне арналған мерекелік отшашу болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы - Астананың 16 жылдығына арналған мерекелік шаралары Есіл өзенінің жағалауындағы мерекелік отшашумен аяқталды.

Есіл өзенінің жағалауында Астана күніне арналған мерекелік отшашу болды

Бұл салтанатты сәтті мыңдаған астаналықтар мен қала қонақтары тамашалады. Түнгі қала аспанында сан түрлі бояумен өрнек салған мерекелік отшашу заңғар көкке самғап, қаланың барлық түпкірінен айқын көрінді. Салтанатты сәтті кеше, сағат 23.00-де 24.kz телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.