Есілде кеме жүзу маусымы басталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 11 мамырда Есіл өзенінде кеме жүзу маусымы басталады, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты .

Еске сала кетсек, былтыр навигация маусымы 18 қазанда аяқталды.

«Есіл-Астана» ҚКҚК ақпараты бойынша, былтырғы маусымда кәсіпорын 20 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсеткен. Бұл ретте 5 жолаушы теплоходы қатынады. 

Бұдан бөлек, жалпы сомасы 2 млн 977 мың теңгеге теплоходтар жалға берілді. 

Астанада кемелер қызметі 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Тасымалдау шараларын Астана қаласының әкімдігі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Есіл-Астана» МҚКК жүзеге асырады.

Су көліктері құбылмалы ауа райы кезінде және қатты желде өзенде жүзуді тоқтатады.

Соңғы жаңалықтар
telegram