Есімі әлемге танымал дирижер Валерий Гергиев қазақ елінің жаңа астанасының сұлулығына таңданысын жасырмады

АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Есімі әлемге танымал дирижер, Санкт-Петербордың Мариин театры симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі Валерий Гергиев қазақ елінің жаңа астанасының сұлулығына және даму қарқынына таңданысын жасырмады.
None
None

Бұл туралы ол бүгін елордада Марин театры симфониялық оркестрінің концерті қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Астанаға келген үш сағаттың ішінде мен тіпті барлық теңеуді айта алар емеспін. Қаланың қарқынды өсуі және дамуы ең шешен сөздермен бағалауға лайықты», - деді ол.

Қазақ жеріне осымен үшінші мәрте табан тірегендігін атап өткен дирижер сол кезде-ақ елімізден зор әсермен қайтқандығын баса айтты.

«Валерий Гергиев еш қоспасыз осы замандағы ұлы дирижерлердің бірі. Ол Мариин театры симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі дирижері ғана емес, бұл адам - әлемдік мәдениеттің дамуына зор үлес қосқан тұлға», - деді өз кезегінде ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Сонымен қатар министр қазіргі таңда әлемнің көптеген опера театрларының қаржы дағдарысына душар болып отырғандығын баса айта келе: «Қазақстан мен Ресейде ғана жаңа опера театрлары салынуда. Санкт-Петрборда және Астанада опера театрларының құрылысы қарқынды жүруде», - деді.

Соңғы жаңалықтар