Есінен танып жатқан әйелді тонап кеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің шығысындағы супермаркетте ес-түзсіз жатқан 45 жастағы үндістандық әйелді ер адам тонап кеткен.
Бұл туралы «Москва» қалалық жаңалықтар агенттігі құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлайды.
Әйел полицияға келіп, супермаркеттің сауда залында талып қалғандығын, сол кезде белгісіз біреу азық-түлік салатын себетінде жатқан, ішінде 15,6 мың рублі бар әмиянын ұрлап кеткендігін айтқан.
Полиция осы ұрлыққа байланысты қылмыстық іс қозғады.
«Іздеу барысында полицейлер Новокосинская көшесінде 47 жастағы қала тұрғынын ұстады»,- деп мәлім етті дерекөз.
Оның сөзіне қарағанда, күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған.