Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Асқар Исағалиев Астана қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды

АСТАНА. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат. Ағымдағы жылдың 22 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Асқар Исағалиев ҚР Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы қызметкерлерінің басшылығымен елімізге жеткізіліп, Астана қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды,

Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Асқар Исағалиев Астана қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды

деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Жазаны ауырлататын мән-жайлар жағдайында қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін іздеуде жүрген А. Исағалив осы жылдың 9 қаңтарында Түркияның Анталья қаласында ұсталған болатын. Бас прокуратура Түркияның құқық қорғау органдары тарапына Исағалиевті Қазақстанға экстрадициялау туралы қолдаухат жолдаған еді.

Осы қолдаухатты қарау нәтижесінде Түркияның Министрлер кеңесі оны Қазақстанға беру туралы шешім қабылдаған.