13:10, 15 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Есірткі сатқан 100-ден астам қылмыскер 12-15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды - Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті
АСТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2008 жылдан бері есірткі бизнесімен айналысқан 100-ден астам қылмыскер 12-15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасы Жанат Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2008 жылы аса ауыр есірткі қылмысы үшін 20 жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қабылданған болатын. Содан бері 100-ден астам қылмыскер 12-15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 9 адам 20 жылға, ал 1 есірткі өндіруші қылмыскер өмір бақи бас бостандығына айырылды», - деп атап көрсетті Ж.Сүлейменов.