Есірткі сатумен айналысқан түркістандық келіншек 10 жылға бас бостандығынан айырылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – 48 жастағы күдікті әйелге қатысты сот үкімі шықты. Ол ҚР ҚК 297-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Түркістандық полицейлер күдіктінің Сайрам ауданында 5 грамнан асатын марихуанасы бар сіріңке қорапшасын сатқанын анықтаған болатын. Содан кейін, жедел уәкілдер Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерінен синтетикалық «пирролидиновалерофенон» препаратына ұқсас екі полиэтилен түйіншегін тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, заттай дәлел ретінде алынған есірткінің салмағы 5 грамнан асты.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша тіркелді. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу кезінде жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ал, сот үкімімен 48 жастағы күдікті ҚР ҚК 297-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар