Есірткі саудасымен айналысқан әйел 10 жылға сотталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды заңсыз өткізгені үшін азаматша Х-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есірткі саудасымен айналысқан әйел 10 жылға сотталды

«Сот анықтағандай, әйел адам 9,25 грамм аса ірі мөлшердегі «героинді» заңсыз сақтап,  кейіннен шартты сатып алушыға барлық есірткі заттарды өткізген.   

Сот үкімімен азаматша Х. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармақшасымен (Аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды заңсыз сақтау және өткізу) қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот айыптының қылмыстық жолмен табылған мүлкiн тәркiлей отырып, 10 жыл мерзімге жалпы режімдегi түзеу колониясында бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.  

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», деп көрсетілген хабарламада.