08:54, 06 Тамыз 2015 | GMT +5
Есірткі тасыған ұшқышсыз басқарылатын ұшақ Огайо түрмесінде төбелестің тууына себеп болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұшқышсыз басқарылатын ұшақтағы марихуана мен темекі салынған пакет Огайо штатындағы Мэнсфилд түрмесінің ішкі ауласына түсті.
Полицейлердің сөзіне қарағанда, есірткі заты солтүстік сектор аумағында серуендейтін сотталғандарға арналған. Алайда ұшқышсыз басқарылатын ұшақ оңтүстік секторға түскен. Осыған байланысты қылмыскерлер арасында төбелеске ұласқан ірі жанжал туындады.
Түрме қызметкерлері мұны тоқтату үшін көзден жас шығаратын газды қолданған. Төбелеске 200-ден астам сотталған қатысты. Тоғыз адам карцерге жіберілді.