Есірткі тұтынып, көлікті құжатсыз жүргізген СҚО тұрғыны ұсталды
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 38 жастағы тұрғынның есірткі қолданып, көлікті басқаруы бірінші рет емес. Ол бұған дейін де тап осындай жазаға тартылған, содан бері бір жыл да өтпеген. Бұл жолы ол 15 тәулікке қамауға алынып, көлікті 6 жылға жүргізу құқығынан айырылды.
«ЗАЗ-Шанс» көлігін есірткіге масайған күйінде жүргізген тағы бір солтүстікқазақстандық 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Медициналық тексеруден кейін оның есірткі қолданғаны белгілі болды. Мәліметтер базасы жүргізушінің есірткі қолданып, көлік басқаруы бірінші рет емес екендігін көрсетті. Оның үстіне ол да көлікті жүргізу құқығынан айырылған.
«Көлікті басқарған нашақор адам өлтіре алады. Мұндай адамдардың сапарға шығуына жол бермеу - тәртіп сақшыларының маңызды міндеттерінің бірі. Айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жүргізушілерге тиісті заңнамаға сәйкес қатаң шара қолданылады», - деп атап өтті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Айдын Байматов.
Былтыр солтүстікқазақстандық полицейлер есірткі тұтынған 57 жүргізушіні ұстады. Олардың барлығы көлікті жүргізу құқығынан айырылды. Көлік құралын басқару құқығынан бұған дейін айырылған екі азаматқа қатысты әкімшілік қамау жазасы қолданылды.
Олеся Жуковень