Есірткі заттарының заңсыз айналымымен күрес өзекті стратегиялық міндет ? ҚР Ішкі істер министрі

АЛМАТЫ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Есірткі заттарының заңсыз айналымымен күрес өзекті стратегиялық міндет.
None
None
Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан психотропты заттар мен прекурсорлар және есірткі заттарының заңсыз айналымымен күрес бойынша Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығына қатысушы мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің бірінші отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Есірткі заттарының заңсыз айналымын тежеуге қажетті барлық ұйымдастыру-тәжірибелік шаралары қабылдануда. Наркотрафиктік дәліздерді жабу, трансұлттық есірткі қылмысымен күресте өткен жылы біз ұлттық заң актілеріне өзгерістер енгіздік. Онда жауапкершілік қатайтылып, контрабанда, аса ірі көлемде есірткі тұтыну, оқу орындарында кәмелетке толмаған жастарды есірткі бизнесіне тартқаны үшін өмірлік бас еркінен айру жазасы қарастырылған. Бұл саладағы заңдар қазіргі таңда ТМД елдері аймағындағы ең пәрменді заң болып отыр», дейді ҚР Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов. Орталық құру туралы келісімге қазіргі таңда Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан және Өзбекстан республикалары қол қойды. Бұл отырыста Кеңес төрағасы болып сайланған қазақстандық министр енді ресейлік әріптестірінен оған қол қою мен бекіту шараларын, ал өзбекстандық серіктестерінен келісімді бекітуді жеделдетуге шақырды. Оның пайымдауынша, қазір заңсыз есірткі айналымымен халықаралық және аймақтық ынтымақтастық деңгейіндегі тиімді ұйымдастырушылықсыз күресу мүмкін емес екені баршаға мәлім болып отыр. Сол себепті де Қазақстан психотропты заттар мен прекурсорларды және есірткі заттарының заңсыз айналымымен күрес бойынша Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығына ерекше көңіл аударуда. Ол болашақта Орталық Азиядағы есірткі қаупіне қарсы шаралардағы аса маңызды құрылым болады деп үміт артып отыр.
Соңғы жаңалықтар