Есірткі затымен Өзбекстан азаматшасы ұсталды-ҚР ҰҚК
АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат /Айнұр Кенебаева/ - Ағымдағы жылдың 16 наурызында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің қызметкерлері «Ташкент-Новосібір» бағытындағы поезда есірткі затын тасымалдамақ болған Өзбекстан азаматшасын ұстады.
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тексеріс барысында Өзбекстан азаматшасынан 1 кг 300 гр салмақтағы героин есірткі заты тәркіленді.
Қазіргі таңда аталмыш қылмыстық іс бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр делінген келіп түскен ақпаратта.