Есірткіге тәуелді елордалықтар саны 7,8%-ға азайды

«Биыл елорда бойынша есірткіге тәуелді адамдардың жалпы саны – 1 096, ал өткен жылы – 1 189 болды. Яғни, олардың саны 7,8% төмендеді. Есірткіге тәуелділігі бар екені алғаш рет анықталған адамдардың саны – 51, өткен жылы – 60, ал апиынге тәуелділді адамдардың жалпы саны – 530, өткен жылы – 658 адам. Өкінішке қарай, трамадолды қолданатын адамдар саны өсті. Өткен жылы олар 245 болса, биыл 283 адамаға жетті», - деді Берік Қайкенов.
Ол полиция департаментімен бірлесіп, әр он күн сайын ақпараттарды салыстыру жүргізілетінін атап өтті. Осының нәтижесінде жыл басынан бері есірткі заттарын пайдалану фактісі анықталған 378 тұрғынға медициналық тексеру жүргізілген. Берік Қайкенов ұсынған ақпаратқа сай, биыл есірткінің шамадан тыс дозасынан қайтыс болғандар тіркелмеген.