«Есірткіге тосқауыл» операциясы барысында 18 қылмыс анықталып, есірткі сатылатын бір нүкте жойылды - Көліктегі Орталық Ішкі істер департаменті
АСТАНА. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Республикада қарашаның 2-сі мен 8-і аралығында өткен «Есірткіге тосқауыл» операциясының 4-ші кезеңі аяқталды,
деп хабарлады Көліктегі Орталық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Операция барысында 18 есірткі қылмысы анықталды, оның екеуі есірткі сату факті. Астанада есірткі сатылатын бір нүкте жойылды, заңсыз айналымнан 700 грамға жуық есірткі заты тәркіленді, оның ішінде 8 грамы - героин, 600 грамы - марихуана, 10 грамнан астамы - гашиш.
Операцияға жеке құрамның 355 қызметкері жұмылдырылды, 289 жолаушылар пойызы, 27 ойын-сауық мекемесі тексерілді, нашақорлықтың алдын алу жөніндегі 4 іс-шара өткізілді.