Есік көліне апаратын жол 2027 жылдың сәуіріне дейін жабылады

ҚОНАЕВ.KAZINFORM - Алматы облысында мезгілдік жөндеу жұмыстарына байланысты Есік көліне апаратын жолдың 7-шақырымынан бастап жабық болады.

Медеу – Шымбулак, Шымбұлақ, Медеу
Фото: Kazinform/ЖИ

Іле-Алатауы ұлттық паркінің сөзінше, көлік қозғалысы 2026 жылғы 17 қарашадан 2027 жылғы 15 сәуірге дейін уақытша шектеледі.

Жолды пайдалануға тек қызмет көрсету субъектілеріне, жедел қызметтерге және жергілікті тұрғындарға рұқсат етіледі.

Ұлттық парк жүргізушілерден сапарларды жоспарлау кезінде осы шектеуді ескеруін сұрады. Сонымен қатар Есік қаласында да уақытша шектеулер енгізілді. 17-30 қараша аралығында Алматы көшесінің Алтын Адам көшесінен Есік өзеніне дейінгі бөлігінде «Есік қаласының сумен жабдықтау жүйесін салу» жобасы аясында жер жұмыстары жүргізіледі.

– Жолдың бір жолағы жабылады. Қалған жолақпен көлік қозғалысы кезекпен, яғни реверсивті режимде ұйымдастырылады, – деп хабарлады Есік қаласының әкімдігі.

Еске салайық, Алматы облысында өңірлік маңызы бар үш автожолда көлік қозғалысы шектелетіні хабарланды.