Есік жазуы мен Мәшһүр Жүсіп жинағы ЮНЕСКО тізіліміне енді

АСТАНА.KAZINFORM — Қазақстан ұсынған екі номинация ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасының Азия-Тынық мұхиты өңірлік тізіліміне енгізілді.

Елдің екі мұрасы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» өңірлік тізіміне енгізілді
Фото: видеодан алынған скрин

Бұл шешім 2026 жылғы 5 қарашада Джакартада өткен бағдарламаның Азия және Тынық мұхиты өңірлік комиссиясының (MOWCAP) отырысында қабылданды.

Тізілімге «Есік жазуы: Есік қорғанынан табылған күміс тостағандағы түркі руна жазуы» және «Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің баспа басылымдары жинағы» енді.

Қос мұра тізілімге енгізілу арқылы Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының халықаралық деңгейде мойындалғанын айғақтайды. Өз кезегінде бұл еліміздің мұрасын шетелде кеңінен танытуға мүмкіндік береді.

Айта кетелік қазақтың үш бірдей мәдени мұрасы ЮНЕСКО тізіміне ұсынылған еді.