Еске сақтау қабілеттері ерекше егіздер Гиннестің рекордтар кітабына енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еске сақтау қабілеттері ерекше моңғолиялық егіз қыз Н.Мөнхшүр мен Н.Энхшүр Гиннестің рекордтар кітабына тіркелді, деп хабарлайды «Монцамэ» агеттігі.

Еске сақтау қабілеттері ерекше егіздер Гиннестің рекордтар кітабына енді

Моңғол спортшысы Н.Мөнхшүр 30 минуттың ішінде еш қателік жібермей 5 445 санды есіне сақтап алған. Оның сыңары Н.Энхшур 60 минутың ішінде есіне сақтап алған 1 924 картадан тұратын жиынтықты рет-ретімен санап берді.

Айта кетейік, әлемдік рекордтарға қол жеткізіп жүрген егіз қыздардың зияткерлік спорт түрімен айнпалысқандарына бір жыл ғана болған.