Ескек есу слаломынан Қытайдағы Азия чемпионатында Қазақстан кімдерге сенім артады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін, 13 мамырда Қытайдың Сяси қаласында ескек есу слаломынан Азия чемпионаты басталды.

Ескек есу слаломынан Қытайдағы Азия чемпионатында Қазақстан кімдерге сенім артады
Фото: ҰОК

Аталған байрақты бәсекеде ел намысын төменде көрсетілген спортшылар қорғайды.

Каноэ слалом

– Қуаныш Еренғаипов

– Александр Куликов

– Тимур Рынк

– Алуа Мәулетқан

– Анастасия Ананьева

– Влада Тараданова

– Есеня Королева

Каяк-кросс

– Иманғали Мәмбетов

– Владислав Рябко

– Александр Коробов

– Екатерина Таранцева

Айта кетейік, сары құрлық біріншілігі 16 мамырға дейін жалғасады.

Еске салсақ, бұған дейін Қытайда байдарка мен каноеде ескек есуден Азия чемпионаты аяқталғанын хабарлағанбыз.