Ескек есушілер Азиаданың үшінші медалін олжалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында каноэде ескек есушілер Сергей мен Тимофей Емельяновтар бүгінгі күннің үшінші медалін қоржынға салды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Қазақстандық каноэшілер Өзбекстан командасын басып озып, екінші орынға табан тіреді. Алтын медаль - қытайлықтардың еншісінде.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 30 тамыз күні таңғы сағат 07.30-да Палембангте каноэ мен байдаркада ескек есуден финалдық жарыстар басталды. Төрт адам болып 500 метрге жарысуда Қазақстан командасы - «алтынға», жұп болып 1000 метрге ескек есуде «күміске» қол жеткізген болатын.
Осы уақытта Қазақстан жалпы есепте 11-орында орналасып отыр. Қоржындағы 54 медальдің 9 - алтын, 11 - күміс, 34 - қола.
Бүгін қазақстандықтар спорттың 9 түрінен бақ сынайды:
Байдарка мен каноэде ескек есу. Финал. Ерлер мен әйелдер
С. Емельянов, Т. Емельянов, А. Ергучев, И. Голендов, А. Дергунов, С. Токарницкий, Е. Алексеев
Басталуы: 07.30
Дзюдо. Ерлер мен әйелдер
С. Нышанбаева (57 кг), И. Бердібекова (63 кг), З. Бектасқызы (70 кг), Ж. Смағұлов (73 кг), Д.Хамза (81 кг)
Басталуы: 08.00
Велотрек. Омниум. Ерлер
А. Захаров
Басталуы: 08.00
Волейбол. Ерлер
Қазақстан - Моңғолия
Басталуы: 09.00
Регби. Әйелдер
Қазақстан - Таиланд; Қазақстан - Жапония
Басталуы: 11.00 және 14.45
Батутта секіру. Ерлер
П. Әлиев
Басталуы: 12.30
Су добы. Ширек финал. Ерлер
Қазақстан - Индонезия
Басталуы: 15.30
Жеңіл атлетика. Финал. Әйелдер
О. Рыпакова, И. Эктова, Т. Нерознак, әйелдер арасындағы эстафета
Басталуы: 17.30
Күрес. Ерлер мен әйелдер
Е. Мырзапаров, К. Тайжанова, Г. Аманханова
Басталуы: 13.00.
ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі