Ескендір Сүлейменовке қатысты жол апаты: Туыстар іске араласқан жоқ - полиция
«Оның (Мұхитованың - авт.) әкесі, туыстары немесе өзге де адамдардың іске ықпал ету ықтималдылығы турасында ешкімнің араласпағанын - сенімді түрде мәлімдеймін. Тергеудің толыққанды жүргізілуіне ешқандай кедергіні көріп тұрған жоқпыз. ҚР ҚПК 24-бабына сәйкес біз тергеудің жан-жақтылығын, толыққандылығы мен шынайылығын қамтамасыз етеміз», - деді қалалық ІІД-де өткен баспасөз мәслихатында департамент бастығының орынбасары Санжар Әділов.
Айта кетсек, Санжар Әділов күдікті жүргізушіге қатысты кепіл ретіндегі бұлтартпау шарасы қолданылғанын хабарлаған болатын. Кепіл сомасы - 601 250 теңге. Сондай-ақ жол апаты кезінде оның рульде мас күйінде болмағаны атап өтілді.
Астанадағы жол апатында Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы немересі Ескендір Сүлейменов мерт болғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.