Ескерткіштен ұрланған әріптерді қоғамдық ұйым тегін жасап бермек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі вандалдар қиратқан ескерткішті қалпына келтіруге кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Мәдениет басқармасына сілтеме жасап.
None
None

Батыр қалаларға арналған ескерткіш тұғырларынан ұрланған әріптерді қоғамдық ұйым тегін жасап беретін болды.

«Кеше белгісіз біреулер Панфиловшылар саябағындағы батыр қалаларға арналған тұғырлардағы әріптерді, жұлдызшаларды жұлып кеткен. Қазіргі таңда Мәдениет басқармасы қоғамдық ұйымдармен біріге отырып, есркерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Бір қоғамдық ұйым әріптер мен жұлдызшаларды тегін қалпына келтіріп беруге ниет білдіріп отыр», - деді қалалық Мәдениет басқармасының тарихи-мәдени ескерткіштер бөлімінің басшысы Ахат Жолаев.

Оның айтуынша, әзірге келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр. Кейінірек мәлімет мердігер ұйымға беріліп, монтаж жұмыстары басталады.

Айта кету керек, бұзақылар Панфиловшылар паркіндегі батыр қалаларға арналған ескерткіш тұғырлардың әріптері мен жұлдыздарын жұлып кеткен болатын.

Әзірге полиция  түсініктеме берген жоқ.

Соңғы жаңалықтар