Ескерту: 12-16 желтоқсан аралығында Қазақстанның оңтүстігінде аяз болады

АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - 12-16 желтоқсан аралығында Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі күтіледі. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасаған ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

12 желтоқсан күні түнде Алматы, Жамбыл облыстарында 5-10, кейбір жерлерде 15-20 градус суық болады, облыстардың солтүстігінде ауаның температурасы 23-28 градусқа дейін төмендейді, Оңтүстік Қазақстан облысында 0-5 градус, кейбір жерлерде 9-14 градус суық болады, облыстың солтүстігінде 20 градусқа дейін суытады, Қызылорда облысында 15-20, кейбір жерлерде 10 градус аяз болады, облыстың батысында 25 градусқа дейін салқындайды.

13-16 желтоқсан аралығында түнде Алматы, Жамбыл облыстарында 10-15 градусқа дейін, кейбір жерлерде 23-27 градусқа дейін аяз болады, облыстардың солтүстігінде 30 градус аяз болуы ықтимал, Оңтүстік Қазақстан облысында 10-15, кейбір жерлерде 20-25 градус аяз болады, Қызылорда облысында сынап бағанасы 20-25 градусты, кейбір жерлерде 30 градус аязды көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар