ЕСКЕРТУ: 24 наурыз күні еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғып, жауын-шашын түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 наурызда Астанада күндіз жауын жауып, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

ЕСКЕРТУ: 24 наурыз күні еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғып, жауын-шашын түседі

Дәл осы күні Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр жауып, батыс және оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кейде секундына 15-20, кейде 25 метрге дейін жетеді.

Сондай-ақ, 24 наурызда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында да жауын жауып, желдің ұйытқуы секундына 23-28 метрге дейін жетеді деп күтілуде.

Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының таулы аймақтарында 21-22 наурызда қар көшкіні жүруі мүмкін.