ЕСКЕРТУ: Ақмола облысы мен Астанада дауылды жел тұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы аптаның басында Ақмола облысында және Астанада дауылды жел болатыны жайында ескерту жасалды.

ЕСКЕРТУ: Ақмола облысы мен Астанада дауылды жел тұрады

«112» қызметінің мәліметінше, сәуірдің 7-сі мен 9-ы аралығында Астанада секундына 15-20 метр екпінді жел тұрады. Ал Ақмола облысында сол күндері 23-28 м/с күшпен жел соғады.

Айта кетейік, Алматы қалалық ТЖД «Қазгидромет» РМК болжамын негізге ала отырып, Алматы облысында қар көшкіні жүруі мүмкін деп шұғыл ескерту жасады. «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында сәуірдің 4-7 аралығында ауа райының күрт жылуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін.

Осыған орай қалалық құтқару қызметі аталған аймақ тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертіп отыр.