ЕСКЕРТУ: Ақмола облысының аумағында қатты жел соғады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 9 қарашада Ақмола облысының аумағында желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін күшейеді.
Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, аймақтық ТЖД арнайы 112 нөмірі арқылы смс-хабарлама таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.